Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз үшін де бұл жаңалық болды": Есмағамбетова Цойдың ДСМ басшылығынан кетуіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Айжан Есмағамбетова
Айжан Есмағамбетова. Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова үкімет сағатында Алексей Цойдың Денсаулық сақтау министрі қызметінен кеткенін қалай қабылдағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айжан Есмағамбетова бұл жаңалықты өкінішпен қабылдағанын мойындады.

"Егер жеке мен туралы айтар болсақ, әрине, өкінішпен қабылдадым. Өйткені Алексей Владимировичпен (бұрынғы денсаулық сақтау министрі - ред.) ол вице-министр болған күннен бастап жұмыс істедік.

Онымен жұмыс істеген өте ыңғайлы: тапсырмалардың нақты қойып, олардың орындалуын нақты бақылау, сонымен бірге жалпы адами қасиеттер. Бұл да бүгінгі таңда ұжым мен мемлекеттік қызметте маңызды деп ойлаймын", - деді ол.

Есмағамбетованың болжауынша, Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымы да бұл жаңалықты өкінішпен қабылдаған. Сондай-ақ, ол Цойдың министр лауазымынан бас тарту жоспары бар екенін білмегенін айтты.

"Біз үшін де бұл жаңалық болды", - деді Айжан Есмағамбетова.

Еске сала кетсек, 20 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылған болатын.

Кейінірек, Цой әлеуметтік желідегі парақшасында қызметінен басқа жұмысқа ауысыуына байланысты кеткенін хабарлады.

Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министріне белсенді жұмыс істегені, Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947949-biz-usin-de-bul-zanalyq-boldy-esmagambetova-coidyn-dsm-bassylygynan-ketuine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel