Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Опубликовано:

Бекболат Тілеухан1
Бекболат Тілеухан. Фото: facebook.com/bekbolat.tleuhan

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында хабарланғандай, Бекболат Тілеуханұлы өкілеттігін тоқтатуға өзі өтініш берген.

Өтініш парламент мәжілісіне жолданған.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар дауыс берді. Нәтижесінде Бекболат Тілеуханның өкілеттігі тоқтатылды.

Енді ол Бүкіләлемдік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті қызметін атқарады. Бұл туралы мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин хабардар етті.

"Бекболат Тілеуханды білмейтін бірде бір қазақ жоқ десек артық болмайды. Ол саясатқа, мәдениетке, қоғамдық жұмыстарға үлкен үлес қосып жүрген ардақты азаматтарымыздың бірі. Бірнеше шақырылымда мәжіліс депутаты болды, халыққа қажетті заңдардың қабылдануына үлес қосты, әсіресе, еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуындағы рөлі ерекше.

Енді Бүкіләлемдік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалып отыр. Әріптесімізге бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғысымызды білдіреміз және оған зор денсаулық пен жаңа қызметінде үлкен табыс тілейміз", - дейді Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейік, Бекболат Тілеухан 2004-2007 жылдары ІІІ шақырылымда, 2007-2011 жыладары ІV шақырылымда, 2016-2021 жылдары VІ шақырылымда, 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап бүгінге дейін VІІ шақырылымда мәжіліс депутаты болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949055-mazilis-deputaty-bekbolat-tileuxannyn-okilettigi-merziminen-buryn-toqtatyldy/

pixel