Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты үкіметке тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында газ бағасының көтерілуіне қарсы наразылыққа шыққан тұрғындарға қатысты Twitter желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс.

Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек", - деп жазды мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін 2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шығып, видеоүндеу жолдаған болатын.

Олар ең төменгі жалақы мөлшерін ескеріп, газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді талап етті. Қалалықтардың сөзінше, 2022 жылдың 1 қаңтарында газ бағасы 120 теңгеге жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949641-toqaev-zanaozendegi-zagdaiga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel