Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәдиев лауазымды қызметінен босатылды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Жаслан Мәдиев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Тиісті құжатқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Айта кетейік, бүгін бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалған еді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының жарлығымен Бейбіт Исабаев парламент сенатының депутаты болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950979-madiev-lauazymdy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel