Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Мәсімовке қатысты билікті күшпен басып алу бойынша қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Кәрім Мәсімов
Фото: ru.sputnik.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Аталған іс шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Айта кетейік, 6 қаңтар күні ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімовтың қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Кейіннен БАҚ беттерінде Мәсімовтың ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылғаны хабарланды. Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылуда.

Сонымен қатар, бүгін 13 қаңтар күні Кәрім Мәсімовтың бұрынғы орынбасарлары ұсталғаны белгілі болды. ҰҚК бұған қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950987-uqk-masimovke-qatysty-bilikti-kuspen-basyp-alu-boiynsa-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel