Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Ешқайда кетпегенімді мәлімдеймін

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарына жасаған үндеуінде ешқайда кетпегенін, қазір елордада екенін мәлімдеді, деп хабарлайды elbasy.kz.

"Менің атыма келіп түскен көптеген өтініштерге және БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттарға байланысты мен 2019 жылы президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанымды және сол уақыттан бері зейнеткер екенімді, ал қазір Қазақстан астанасында құрметті демалыста екенімді, ешқайда кетпегенімді мәлімдеймін.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке толыққанды ие. Ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жақын уақытта президент "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланады. Демек, элитада ешқандай қайшылық та, текетірес те жоқ. Бұл жайтқа қатысты қауесеттер мүлдем негізсіз", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951771-nazarbaev-esqaida-ketpegenimdi-malimdeimin/

pixel