Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Нұрдәулетовті бас прокурор лауазымынан босатып, жаңа қызметке тағайындады

Опубликовано:

Ғизат Нұрдәулетов
Фото/мұрағат: Ақорда

Қазақстан прездентінің өкімімен Ғизат Нұрдәулетов бас прокурор лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымынан босатылсын", - делінген құжат мәтінінде.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің Әсет Исекешевті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатқаны хабарланды. Ол енді мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарады.

Сонымен қатар, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде бірқатар өзгерістер болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957943-bas-prokuror-gizat-nurdauletov-lauazymynan-bosatyldy/

pixel