Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясының саяси кеңесі құрамынан шығарылды

Опубликовано:

Нұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин. Фото: parlam.kz

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі кезінде партияның саяси кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Саяси кеңес құрамынан бұрынғы мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулин мен "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов шығарылды. Бүгінде Әлсейітовке қатысты тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, премьер-министр Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу саяси кеңес құрамына енді.

"Сіздердің қарауларыңызға партия мүшелері Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Нығматулинді саяси кеңестің құрамынан шығару және олардың орнына келесі мүшелерді саяси кеңес құрамына енгізу мәселесі ұсынылып отыр: премьер-министр Әлихан Смайылов пен ПӘ жетекшісі Мұрат Нұртілеу, Астана медициналық университетінің ректоры Қамалжан Надыров, "Қазақ тілі қоғамы" вице-президенті Максим Рожин", - дейді Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958576-nurlan-nygmatulin-nur-otan-partiyasynyn-sayasi-kenesi-quramynan-sygaryldy/