Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің төртінші кезеңі қашан өтеді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесші Михаил Подоляк Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер туралы айтты. Бұл туралы саясаткер "Коммерсанть" басылымына берген сұхбатында сөз қозғаған.

Подоляктың сөзінше, Ресей делегациясымен келіссөздер видеоформатта үздіксіз жалғасуда. Сонымен қатар, келіссөздер процесі кезінде жұмыс топтары құрылған.

Оның сөзінше, тараптар он шақты ұсыныс дайындаған.

"Өзара құқықтық форматтар пысықталғаннан кейін кездесу – келіссөздердің төртінші раунды белгіленеді. Бұл ертең немесе арғы күні болуы мүмкін", - дейді президент кеңсесі басшысының кеңесшісі.

Оның айтуынша, тараптар барлық негізгі ұстанымдар келісілгенге дейін келіссөздердің мазмұнына қатысты пікір білдірмеуге уағдаласқан.

Подоляктың пікірінше, қорытынды құжатқа (Украина мен Ресей арасындағы бітімгершілік келісімі болуы мүмкін) екі елдің президенттері қол қояды.

Еске сала кетсек, 8 наурызда Беларусь мемлекетінің аумағында Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі аяқталған болатын.

Сонымен қатар, 10 наурызда Түркияның Анталия қаласындағы дипломатиялық форум аясында Ресей мен Украинаның Сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960431-ukraina-men-resei-arasyndagy-kelissozderdin-tortinsi-kezeni-qasan-otedi/

pixel