Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Самұрық-Қазына" төрағасы Тоқаевқа қордың үш айда атқарған жұмысы жайлы есеп берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ төрағасы
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алмасадам Сәтқалиев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Алмасадам Сәтқалиев президентке "Самұрық-Қазына" қорының биылғы үш айда атқарған жұмысының нәтижелері туралы есеп берді.

Сонымен қатар ол қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары жөнінде баяндады.

Берілген мәліметтерге сәйкес қор қазіргі уақытта жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізген. Осы қарқын биыл сақталады деп күтілуде.

Одан бөлек басқарма төрағасы мемлекет басшысына қордың маңызды жобаларының жүзеге асырылу барысы және олардың санын көбейту мүмкіндігі туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының жұмысына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, сондай-ақ бүгін президент Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің есебін тыңдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963632-samuryq-qazyna-toragasy-prezidentke-qordyn-biylgy-us-aida-atqargan-zumysy-zaily-esep-berdi/

pixel