Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев үш облыстың бұрынғы әкімдеріне ризашылығын білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының бұрынғы әкімдеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды БОРТ №1 Telegram каналы.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға ризашылығын білдірді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін, 7 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен үш облыстың әкімдері ауысты.

Атап айтқанда, Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды. Оның орнына бұл қызметке Нұржан Нұржігітов келді.

Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылған Гүлшара Әбдіхалықованың орнына Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды.

Сондай-ақ Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды. Оның орнына бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Серік Шәпкенов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964018-toqaev-atyrau-zambyl-qyzylorda-oblystarynyn-buryngy-akimderine-rizasylygyn-bildirdi/

pixel