Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев Amanat партиясының саяси кеңес құрамына кірді

Опубликовано:

Мақсат Толықбай
Фото: Instagram/Мақсат Толықбай

Amanat партиясының XXIII съезінде партияның саяси кеңес құрамына үш жаңа адам кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партия съезінің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Amanat-тың саяси кеңесіне өзгеріс енгізу мәселесі қаралған.

Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов саяси кеңеске өзгеріс енгізу мәселесі партия съезінің айрықша құзыретіне жататынын атап өтіп, кеңес құрамына кіретін жаңа кандидаттарды таныстырған.

"Сіздердің қарауларыңызға Amanat партиясының саяси кеңес құрамына Елдар Тынышбайұлы Жұмағазиевті, Мақсат Мәлікұлы Толықбайды, Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылады", - деді Асхат Оралов.

Съез делегаттары бұл ұсынысты да бірауыздан қолдап дауыс берген.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елордада Amanat партиясының XXIII съезі өтті.

Бүгінгі съезде президент Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Партияның төрағасы болып мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сайланды.

Сондай-ақ Adal партиясы Amanat партиясымен бірікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966905-maqsat-tolyqbai-men-daulet-muqaev-amanat-partiyasynyn-sayasi-kenes-quramyna-kirdi/

pixel