Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың төрағалығымен өткен Amanat партиясының съезі бүгін республикалық телеарналардан көрсетіледі

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін президенттің төрағалығымен өткен "Amanat" партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінен әзірленген арнайы шығарылым сағат 21:30-да республикалық телеарналардан көрсетіледі. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Айта кетейік, Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек, әр өңірден келген делегаттар қатысты.

Сонымен бірге бүгінгі съезде президент Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Партияның төрағасы болып мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сайланды.

Сондай-ақ Adal партиясы Amanat партиясымен бірікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966907-prezidenttin-toragalygymen-otken-amanat-partiyasynyn-sezi-bugin-respublikalyq-telearnalardan-korsetiledi/

pixel