Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Опубликовано:

Ораз Жандосов және Бағдат Мусин
Ораз Жандосов және Бағдат Мусин. Фото: facebook.com/BagdatMussin

Мемлекеттік қайраткер, экономист Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып, тағайындалды. Бұл туралы Мусин өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет боп жатады.

"Маған кез келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын. Ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген еді.

Сонда құрылған корпоративтік басқарудың сауатты жүйесін осында, яғни ЦДИАӨМ-де енгізгім келеді. Сондықтан мен экономика саласының майталманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым. Менің ұсынысымды қабыл алғаныңыз үшін алғыс айтамын!", - дейді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, Ораз Жандосов әр жылдары премьер-министрдің қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары, Қаржы министрі, Ұлттық банктің төрағасы, KEGOC ұлттық компаниясының басшысы сынды түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970594-oraz-zandosov-bagdat-musinnin-stattan-tys-kenessi-boldy/

pixel