Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысының әкімі тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлан Ұранхаев
Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықтың толық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

"Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген президенттің жарлығында.

Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Айта кетейік, президенттің жарлығымен 11 маусым күні Ұлытау облысының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымды орынға Берік Әбдіғалиұлы келді.

Ал Алматы облысының жаңа әкімі болып Марат Сұлтанғазиев тағайындалды. Бұл қызметте оған дейін болған Қанат Бозымбаев жұмысының ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Жетісу облысының басшылығына кімнің келгені белгілі болды. Су жаңа облыстың әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973678-abai-oblysynyn-akimi-tagaiyndaldy/

pixel