Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев тағы бір қылмыстық іс бойынша ақталды

Опубликовано:

Атамбаев
Фото: РИА Новости/Владимир Астапкович

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары 2020 жылы қазандағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша ақталды.

Sputnik Қазақстан басылымының хабарлауынша, қылмыс құрамының болмауына байланысты сот Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары Фарид Ниязовты, Құрсан Асановты, Жениш Молдокматовты, Қанат Сағынбаевты және Темірлан Сұлтанбековті ақтады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 5 қазанында Қырғызстанда толқулар басталды. Оған парламент сайлауының қорытындысына наразылық себеп болды. Оқиға нәтижесінде республикада билік өзгерді.

Қырғызстанның сол кездегі басшысы Сооронбай Жээнбеков өз қызметінен кетті. Президенттік міндеттерді Садыр Жапаров атқара бастады.

Айта кетейік, екі апта бұрын сот алқасы Алмазбек Атамбаевты тағы екі қылмыстық іс бойынша ақтап шығарды. Бұрынғы президентті Түркия азаматтарына заңсыз түрде төлқұжат бергені мен "Қалыс-Ордо" тұрғын үй массивіндегі мектеп құрылысы кезінде қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деп айыптаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1976076-qyrgyzstannyn-buryngy-prezidenti-atambaev-tagy-bir-qylmystyq-is-boiynsa-aqtaldy/

pixel