Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ АҚШ әскери-әуе күштерінің Boeing ұшағы Нұр-Сұлтанға неліктен ұшып келгенін түсіндірді

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қазақстандық СІМ АҚШ әскери-әуе күштерінің Boeing C-17A Globemaster III көлік ұшағы бүгін Нұр-Сұлтан әуежайына не үшін келгенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, америкалық әскери-көлік ұшағы қазақстандық және америкалық тараптардың келісімі бойынша ұшып келген.

"Ол дипломатиялық жүкті Америка елшілігіне жеткізді. Мұндай тәжірибе бар, дипломатиялық поштаны жеткізетін барлық ұшақ АҚШ әскери -әуе күштеріне тиесілі, сондықтан олар (ұшақ – ред) әскери болып саналады.

Көптеген адамдарда неге әскери деген сұрақ туындайды. Бұған дейін ұшақ поштаны аймақтарға, кейбір елдерге жеткізіп тұрған. Ұшақ бір жарым сағатқа аялдады (Нұр-Сұлтан әуежайында – ред.), олар поштаны түсіріп, кері ұшып кетті", – деді сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986297-sim-aqs-askeri-aue-kusterinin-boeing-usagy-nur-sultanga-nelikten-usyp-kelgenin-tusindirdi/

pixel