Елімізге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те келді (видео)
Опубликовано:
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанада өтетін ірі халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстанға келді. Құрметті қонақты елорда әуежайында еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында.
Ильхам Әлиев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, 12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді.
Саммитке Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР төрағасының орынбасары қатысады.
Ал 14 қазанда Астанада Достастықтың жоғары органы – ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді.
Іс-шара барысында ТМД алаңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжатты қарау және қабылдау жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992386-elimizge-azerbaizan-prezidenti-ilxam-aliev-te-keldi/