Алматыда 45 мың орындық жаңа стадион қандай болатынының видеосы жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда болашақ заманауи стадионның макеті бұған дейін көрсетілген болатын. Енді қала тұрғындарының назарына оның видеоформаттағы нұсқасы ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Даму орталығына сілтеме жасап.
Алматы Даму орталығы Instagram парақшасында мегаполисте салынып жатқан жаңа заманауи стадионның болашақта қандай болатынын көрсететін видеоны жариялады. Орталық визуализацияны жасанды интеллект көмегімен жасаған болуы керек.
"Бүгін — құрылыс алаңы, ертең — 45 мың жанкүйерді жинайтын футбол стадионы. Арена УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай салынып, халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдамақ", - делінген видео сипаттамасында.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың тамызында Алматыда халықаралық деңгейдегі заманауи стадион салу жоспарланып отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ стадион 45 мың адам сыятындай кең болатыны хабарланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424099-almatyda-45-myng-oryndyq-zhanga-stadion-qandai-bolatynynyng-videosy-zhariialandy/
