Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Опубликовано:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: primeminister.kz

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға созды", - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, биылғы 16 мамырда Антикор Ұлттық музей басшылығы мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын (146 миллион теңге сомасында) жымқыру белгілері бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

Дәл сол күні Ұлттық музейдің директоры, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы денсаулығы нашарлап, ауруханаға жатқаны белгілі болды. Екі аптадан кейін оны екі ай қамауға алу туралы шешім шығарылды.

Қамауға алу мерзімі бүгінге дейін ұзартылып келе жатыр.

Сондай-ақ Антикор қылмыстық іске қатысты жаңа мәліметтерді бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998471-arystanbek-muxamediulyn-qamauda-ustau-merzimi-tagy-bir-aiga-uzartyldy/

pixel