Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Марат Сұлтанғазиев
Марат Сұлтанғазиев. Фото: primeminister.kz

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңір әкімдерін тағайындады.

Президент жарлығымен Жетісу облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдері тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылып, өңір басшылығы міндетін уақытша атқарушы болып Олег Крук тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999739-marat-sultangaziev-almaty-oblysynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel