Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Екібастұзда болған жағдай – бұл нағыз апат

Опубликовано:

Екібастұз
Екібастұз. Фото: Рavlodarnews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Екібастұздағы жағдайға тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, бар мәселені жасырудың соңы апатқа әкеліп соққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Екібастұзда болған жағдай – бұл нағыз апат. Мен бұл қала тұрғындарына төзімділік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Еріктілерге жұмысы үшін алғыс айтамын.

Бұл жағдай мемлекеттік органдар мен табиғи монополия субъектілерінің жылыту маусымына жауапсыздығын айқын көрсетіп берді. Бізде қордаланған проблемаларды жасыру тәжірибесі бар және сол жасырудың салдары орасан зор шығынға әкелді", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Екібастұздағы жағдайға байланысты тергеу жүргізіп, оқиғаның себептерін анықтап, содан кейін тиісті шешім қабылдау қажеттігін айтты.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұздағы жылу электр орталығында бір қазандық, кейін тағы үшеуі істен шығып, салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалған еді.

28 қарашада Екібастұзда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Жылу магистралін жөндеуге қалаға өзге өңірлерден бригадалар келді.

Бұдан бөлек жылу электр орталығында апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001127-toqaev-ekibastuzda-bolgan-zagdai-bul-nagyz-apat/

pixel