Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт ратификацияланды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған болатын.

Сапар аясында бірқатар құжатқа, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан- Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014311-toqaev-qazaqstan-ozbekstan-memlekettik-sekarasyn-segendeu-turaly-sartty-ratifikaciyalady/