jitsu gif
Саясат

    Әзербайжан президенті ресми сапармен Қазақстанға келді (фото)

    Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келді
    Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келді. Фото: t.me/bort_01

    Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.

    Ильхам Әлиевті елорда әуежайында еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алған.

    Аздаған уақыттан соң ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады, деп күтілуде.

    Қазақстан президенті баспасөз қызметінің бұған дейін хабарлағанындай екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

    Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланбақ.

    Әлихан Смайылов Ильхам Әлиевті әуежайда қарсы алуда
    Әлихан Смайылов Ильхам Әлиевті әуежайда қарсы алуда. Фото: t.me/bort_01

    Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Әзербайжан президентінің Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.