Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімінің қызметінен кететіні рас па: желіде тараған қауесетке әкімдік жауап берді

Жарияланған күні:

Мұрат Әйтенов
Мұрат Әйтенов. Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін БАҚ пен әлеуметтік желіде Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің қызметінен кететіні туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты үшінші мегаполистің әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жариялануда. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

Сондай-ақ қазір қала әкімі Мұрат Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды", - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың шілде айында да Мұрат Әйтеновтің қызметінен кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда қала әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Айта кетейік, Мұрат Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген.

С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.

Еңбек жолын 2004 жылы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

Кейін Қазақстан президентінің іс басқармасында түрлі басшылық қызметтер атқарған. Соның ішінде Қазақстан президенті іс басқармасы аппаратының басшысы, іс басқармасы басшысының орынбасары болған.

2019 жылдың желтоқсанында Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болып, ал 2020 жылдың 21 қаңтарында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029859-symkent-akiminin-qyzmetinen-ketetini-ras-pa-zelide-taragan-qauesetke-akimdik-zauap-berdi/