Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады.
Сонымен қатар президент өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, 2022 жылы қараша айының соңында Екібастұздағы жылу электр орталығында ірі апат болды. Соның салдарынан қаланың басым бөлігі жылусыз қалды. Қалада 8 желтоқсанға дейін төтенше жағдай режимі жарияланды .
Ақпан айында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы ЖЭО апатының алдын ала себебін айтты.
18 ақпанда Екібастұздағы жылу электр орталығында штаттан тыс жағдай орын алды.
Сәуірде Скляр Екібастұзда бұдан былай жылудан проблема болмайды деп уәде еткен.
Кейін Үкімет үйінде өткен жиында президент премьер-министрдің бірінші орынбасарына Екібастұздағы дағдарыстың қайталануына жол беруге болмайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031795-toqaev-pavlodar-oblysyna-zumys-saparymen-bardy/