Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақорда шахтадағы төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Астанағы Ақорда ғимараты
Ақорда. Фото: Facebook/AkordaPress

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді", - делінген хабарламада.

"Қазақстан" шахтасындағы апат

Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.

Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды.

Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты.

Сонымен қатар іздестіріліп жатқан бес адамның екеуінің денесі табылғаны хабарланған болатын. Алайда кейінірек, облыс әкімдігі екі адам емес, бір адамның денесі табылғанын хабарлады. Қазіргі таңда төрт адам іздестірілуде.

Бұдан бөлек облыстық прокуратура төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032926-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-toqaev-ukimet-pen-qaragandy-oblysy-akimine-tapsyrma-berdi/

pixel