Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аяқталды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Айта кетейік, 20 тамызда мемлекет басшысы Вьетнамға ресми сапармен барған болатын.

Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды.

Кейін Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг президент сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды.

Сонымен қатар екі елдің басшылары келіссөздер жүргізіп, бірнеше құжатқа қол қойды.

Одан бөлек Ақорда президенттің Вьетнамға сапары туралы коммюнике жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033483-toqaevtyn-vetnamga-resmi-sapary-ayaqtaldy-video/

pixel