Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанда құрылған әскери техниканы көрді (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетімен танысты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Оқу-жаттығу жиыны барысында мемлекет басшысы – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының қару-жарақ пен әскери техника шығару және жөндеу мүмкіндіктері таныстырылды.

Далада ұйымдастырылған арнайы алаңқайда Орталық Азия аймағындағы бронды техникаларды жөндеуге маманданған жалғыз "Семей инжиниринг" (Семей) зауыты бронды жөндеу-эвакуациялық транспорттау машинасын пайдалана отырып, ұрыста зақымданған техниканы қайта қалпына келтіру барысын көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Navyco компаниясының өкілі (Астана) бронды техниканы қалпына келтіруге арналған агрегаттардың дала жағдайында қалай ауыстырылатыны, ал "КамАЗ Инжиниринг" (Көкшетау) және "№405 авиажөндеу зауыты" (Алматы) кәсіпорындары әскери техниканы құрастыру, қалпына келтіру мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді.

Көрмеге Қазақстан мен Түркияның "Қазақстан Aselsan инжиниринг" (Астана) бірлескен кәсіпорны, "Восток Полимер Снаб" ЖШС (Өскемен), Universal-Build ЖШС (Алматы), Energy General ЖК (Алматы) және басқа да кәсіпорындардың өнімдері қойылды.

Президентке түркиялық Оtakar компаниясы шығаратын ARMA бронды машинасының су кедергілерінен өту мүмкіндіктері таныстырылды.

Көрмені аралап көрген мемлекет басшысы отандық қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін арттыру маңызды екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін, сейсенбі күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барған болатын.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында президент "Батыл тойтарыс – 2023" әскери оқу-жаттығу жиынына қатысқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиынын бақылау мұнарасынан тамашалады. Әскери әдіс-тәсілдер көрсетер алдында мемлекет басшысына генерал-майорлар Болат Жорабаев пен Алмаз Жұмакеев қорғаныс операциясы кезіндегі Арнаулы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әрекеті жөнінде баяндады.

Сондай-ақ президент далалық әскери лагерьде сарбаздармен кездесіп, әңгімелескен болатын және сарбаздармен бірге астанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035393-toqaev-qazaqstanda-qurylgan-askeri-texnikany-kordi/

pixel