Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев далалық әскери лагерьде сарбаздармен бірге түскі ас ішті (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев далалық әскери лагерьде сарбаздармен кездесіп, олармен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесті", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін, сейсенбі күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барған болатын.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында президент "Батыл тойтарыс – 2023" әскери оқу-жаттығу жиынына қатысқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиынын бақылау мұнарасынан тамашалады. Әскери әдіс-тәсілдер көрсетер алдында мемлекет басшысына генерал-майорлар Болат Жорабаев пен Алмаз Жұмакеев қорғаныс операциясы кезіндегі Арнаулы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әрекеті жөнінде баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035385-toqaev-dalalyq-askeri-lagerde-sarbazdarmen-kezdesti-foto-video/

pixel