jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан туралы теріс пікір айтқандарға қандай шара қолданылады: СІМ пікір білдірді

    Әуежай
    Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі брифингте Қазақстан туралы теріс пікір білдіргендер туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айбек Смадияров мұндай азаматтардың тізімі бар екенін мойындады.

    "Әрине, бізде мұндай тізім бар. Бірақ бұл - жасақталып отыратын тізім және біз оны жарияламаймыз. Нақты санын да атай алмаймын", - деді ол.

    Сондай-ақ ол тізімге енгендерге қатысты қандай шаралар қолданатынын айтты.

    "Тек шекара жабылады және бұл адам елге кіре алмайды", - деп түсіндірді ол.

    Ол, сондай-ақ, миллиондаған аудиториясы бар танымал ресейлік эндокринолог дәрігердің "Ресей Қазақстанға шабуыл жасауға мәжбүр болады" деген мәлімдемесіне қатысты ведомствоның көзқарасын жеткізді.

    "Миллиондаған аудиториясы бар эндокринолог дәрігерге үлкен сәлем. Ол қажетсіз сөздер айтқанша, адамдар емдеп, өз кәсібімен айналыссын. Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз, тату көршіміз және біз достық қарым-қатынасты ұстанатын стратегиялық мемлекеттер ретінде жұмыс істейміз", - деді Айбек Смадияров.

    Қазақстан туралы теріс пікір айтқандарға қандай шара қолданылады: СІМ пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.