Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: Бекетаев расымен ел аумағынан шығып кетуге әрекет жасаған кезде ұсталды

Опубликовано:

Марат Бекетаев
Марат Бекетаев. Фото: primeminister.kz.

Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, кейбір мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шындалиевтың айтуынша, бұрынғы Әділет министріне қатысты қылмыстық іс мемлекетке ірі көлемде залал келтіру, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қозғалған.

"Бекетаев расымен ел аумағынан шығып кетуге әрекет жасаған кезде ұсталды. Қалған мәліметтер сотқа дейінгі тергеуге байланысты құпия болып табылады. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етілмейді", - дейді Әсет Шындалиев.

Бас прокурордың орынбасары Бекетаевтың нақты қай жерде ұсталғанын нақтыламады.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.

Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042572-buryngy-adilet-ministri-marat-beketaevtyn-ustaluy-bas-prokuratura-zana-malimetterdi-bolisti/

pixel