Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макронды Астанада қандай көлікпен күтіп алды (фото, видео)

Опубликовано:

"Мерседес" кортежі
"Мерседес" кортежі. Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Франция басшысын әуежайдан Ақордаға дейін "Мерседестер" кортежі алып барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эмманюэль Макрон және Франция делегециясы мінген "Мерседестер" кортежі Астананың негізгі көшелерерімен жүріп өткен. Франциядан келген делегацияны күтіп алуға бірыңғай Mercedes маркалы көліктер тартылған.

Франция басшысының өзі Mercedes-Maybach лимузинімен Ақордаға келді. Сонымен қатар бірнеше Mercedes Gelandewagen көлігі, елорда көшелерінде кездесе бермейтін ұзартылған модель - Long көлігі делегацияны әкелді.

Бүкіл көлік Ақорда резиденциясына аумағында тоқтаған.

Айта кетейік, бүгін, 1 қарашада Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келген болатын.

Кейін Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043583-mersedes-kortezi-makrondy-astanada-qandai-kolikpen-kutip-aldy-foto-video/

pixel