Елордаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келді
Жарияланған күні:
Астанаға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев келді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келді
Өзбекстан президентін елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Шавкат Мирзиеев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Түрікменстан басшыларымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келгені туралы жазған едік.
Сонымен қатар бүгін елордаға Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мажарстан (Венгрия) премьер-министрі Виктор Орбан, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те келген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043885-elordaga-ozbekstan-prezidenti-savkat-mirziyoev-keldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.