Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті кезінде қандай құжаттарға қол қойды
Жарияланған күні:
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойды:
- Астана Актісі;
- Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
- Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
- Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
- 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
- "Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені" әзірлеу туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 3 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде сөз сөйлеген болатын.
Саммитке Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Мажарстан (Венгрия) премьер-министрі Виктор Орбан, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.
Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044019-turki-memleketteri-uiymynyn-sammiti-kezinde-qandai-quzattarga-qol-qoiyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.