Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шавкат Мирзиеевті "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Миромонович Мирзиеев "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасы.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Миромонович Мирзиеев "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапатталды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 3 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде сөз сөйлеген болатын.

Саммитке Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Мажарстан (Венгрия) премьер-министрі Виктор Орбан, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044025-toqaev-savkat-mirzieevti-turki-aleminin-en-zogargy-ordenimen-marapattady/

pixel