Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтқан.

"Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан дүниеден озды. Ақпаратты экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растаған.

Айта кетейік, таяуда Болат Назарбаев ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді. Медициналық мекеме өкілдері науқастың жағдайы туралы мәліметті емделушінің туысқандарының рұқсатымен ғана жария ете алатынын жеткізген.

Былтыр жазда Болат Назарбаев онкологиялық ауруы анықталғаны хабарланған еді. Содан кейін экс-президенттің інісі фотодағыдай күйде болған. Суреттің Болат Назарбаевты ауруханаға жатқызу туралы ақпараттан кейін жарияланғаны да назар аудартады. Ал Орталық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне оның денсаулық жағдайы туралы айтып берген болатын.

"Параграф" сайтындағы мәліметке сүйенсек, Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы, Шамалған ауылында туған.

1973-1988 жылдары "Шамалған" кеңшарында механик, аға механик, бригадир болды. Еңбек жолын механизатор, кейін Шамалған кеңшары директорының орынбасары болып бастаған.

1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары. 1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлік қызмет атқарған.

1992-1997 жылдары "Инкар Агро" ЖШС-ның вице-президенті болды. Ол – BN Invest холдингінің директоры болған.

2016 жылы Болат Назарбаев "Салиқалы ұрпақ" қайырымдылық ұйымын құрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045439-toqaev-bolat-nazarbaevtyn-qazasyna-bailanysty-konil-aitty/

pixel