Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Үкібай Болат Назарбаев көз жұмғанын растады

Опубликовано:

Болат Назарбаев
Болат Назарбаев. Фото: saliqaly.kz

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай X әлеуметтік желісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев дүниеден озды",- деп жазды Айдос Үкібай.

Бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаевтың жүрегі тоқтап қалғанын жазған.

Айта кетейік, Болат Назарбаев ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді. Медициналық мекеме науқастың жағдайы туралы мәліметті емделушінің туысқандарының рұқсатымен ғана жария ете алатынын жеткізген.

Былтыр жазда Болат Назарбаев онкологиялық ауруы анықталғаны хабарланған еді. Содан кейін экс-президенттің інісі фотодағыдай күйде болған. Суреттің Болат Назарбаевты ауруханаға жатқызу туралы ақпараттан кейін жарияланғаны да назар аудартады. Ал Орталық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне оның денсаулық жағдайы туралы айтып берген еді.

"Параграф" сайтындағы мәліметке сүйенсек, Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы, Шамалған ауылында туған.

1973-1988 жылдары "Шамалған" кеңшарында механик, аға механик, бригадир болды. Еңбек жолын механизатор, кейін Шамалған кеңшары директорының орынбасары болып бастаған.

1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары. 1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлік қызмет атқарған.

1992-1997 жылдары "Инкар Агро" ЖШС-ның вице-президенті болды. Ол – BN Invest холдингінің директоры болған.

2016 жылы Болат Назарбаев "Салиқалы ұрпақ" қайырымдылық ұйымын құрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045423-aidos-ukibai-bolat-nazarbaev-koz-zumganyn-rastady/

pixel