Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Назарбаева РОП-қа қатысты бизнестерден шығарылды ма

Опубликовано:

Әлия Назарбаева
Әлия Назарбаева. Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бүгін үкімет отырысында РОП-тың Әлия Назарбаевамен байланысы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ерлан Нысанбаев РОП бүгінде 100 пайыз мемлекеттік кәсіпорын екенін хабарлады.

"Бұған дейін бұл жеке кәсіпорын болған, бәлкім оның кәсіпорны болған шығар, мен нақты білмеймін. Бүгінгі таңда, ресми түрде мәлімдеймін, қоқысты басқару және қоқысты қайта өңдеу және сұрыптау бойынша бірде-бір кәсіпорынға Назарбаеваның қатысы жоқ", - деді Экология министрі.

"Оператор РОП" ісі

2022 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев "Оператор РОП" компаниясының қызметі көптеген сұрақ туғызатынын айтты. Оның қызметін тоқтату туралы тапсырма берді.

19 қаңтарда Қазақстандағы "Оператор РОП" ЖШС жұмысы тоқтатылып, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін басқару функциялары "Жасыл Даму" АҚ мемлекеттік ұйымына берілді.

Кейінірек "Оператор РОП" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты тергеу басталды – құқыққорғаушылардың нұсқасы бойынша утильалым мөлшерін көтеру арқылы ақша жымқырылған болуы мүмкін.

Өткен жылдың сәуір айында "Оператор РОП" ЖШС бұрынғы басқарушы директорының ұсталғаны белгілі болды. Содан кейін Антикор Экология министрлігі мен "Оператор РОП" ЖШС лауазымды тұлғалары 180 млрд теңгені ұрлауды жоспарлағанын мәлімдеді.

Өткен жазда "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланғаны белгілі болды, ол 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген. 2023 жылғы 6 сәуірде сотта "Оператор РОП" бойынша алдын ала тыңдаулар өтті – күдіктілердің бірінің адвокаты тергеуді қайта бастауды және ЖШС құрылтайшысы Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұрады.

Кейін мәжіліс депутаты сотта "Оператор РОП" ісі бойынша куәгерлердің айғақтарына сілтеме жасай отырып, сыбайлас жемқорлық жолымен алынған ақшаның түпкі бенефициары Әлия Назарбаева екенін жария түрде мәлімдеді. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев бұл іс бойынша Әлия Назарбаеваға қатысты шешімді Антикор, ІІМ немесе экономикалық тергеу қызметі қабылдауы мүмкін деп мәлімдеді. Біраз уақыттан кейін Бас прокуратура Әлия Назарбаевадан "Оператор РОП" ісі бойынша жауап алынбағанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2051529-aliya-nazarbaeva-rop-qa-qatysty-biznesterden-sygaryldy-ma/

pixel