Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Чехия президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Прага қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Чех республикасының президенті Петр Павелге көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Тоқаев Прага қаласындағы Карлов университетінде болған жантүршігерлік қарулы шабуыл салдарынан көптеген азамат қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғаны айтылады.

"Осындай ауыр сәтте Чехия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын, ал зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Прагадағы атыс

Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров атыс құрбандарының арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлаған.

Еске салайық, кеше Прага қаласының орталығында Карлов университетінің аумағында атыс болды. Жақын маңдағы аумақ қоршауға алынды, полиция тұрғындарды оқиға орнынан аулақ болуға және үйінен шықпауға үндеді.

Кейінірек полиция атқыштың көзі жойылғанын хабарлады. Ал елдің баспасөзі ер адам биіктен секіріп қаза болғанын хабарлады.

Чехия полициясы жариялаған мәліметтер бойынша, 15 адам атыс құрбаны болған. Тағы бірнеше адам зардап шеккен. Атқыштың бұл әрекетке қандай себеппен барғаны әзірше белгісіз, бірақ чех билігі атысты халықаралық терроризммен байланыстырмады.

Елдің премьер-министрі Петр Фиала бұл оқиғаны халықаралық терроризм немесе ұйымдасқан топ әрекеті емес деген мәлімдеме жасады. Ол сондай-ақ қауіпсіздік күштері жағдайды бақылауда ұстайтынын және ел азаматтарына қауіп жоғын айтты.

Айта кетейік, 22 желтоқсан Чехияда қаралы күн болып жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2052213-toqaev-cexiya-prezidentine-konil-aitty/

pixel