Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алатау қаласы қалай дамиды: Ұлттық экономика министрлігі жоспарын жариялады

Жарияланған күні:

Мектепте Наурызды тойлау шарасындағы видео кадры
Жетіген мектебінде Наурызды тойлау шарасында түсірілген видео кадры. Фото: instagram.com/zhetygen.akimdigi

Ұлттық экономика министрлігі қалаға айналған Алатау қалай дамитынын және өңірдің экономикалық даму жоспарларын айтып берді. Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік хабарына қарағанда, Алатау қаласының жалпы ауданы - 88 мың гектар, қала халқының саны 52,7 мың адам.

Президенттің тапсырмасын іске асыру аясында Ұлттық экономика министрлігі Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірлеген.

"Жоспарға сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ халықпен жиын өткізіліп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды.

Жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияларды, технологияларды, қосымша қаржы ағындарын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді", - делінген жоспарда.

Сонымен қатар үкімет АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту мен G4 City АЭА-ны Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады. Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылады.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлері бойынша ЭҚЖЖ-ның (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) 17 атауы негізінде 110 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 12,5 трлн теңгеге 170-тен астам жобаны орналастыру көзделіп отыр.

"Болжамды деректерге сәйкес, АЭА объектілері жобалық қуатына шыққаннан кейін бүкіл кезеңдегі бағаланған жиынтық үлесі 47,3 трлн теңгені, оның ішінде мультипликативтік әсері 17 трлн теңгені құрайды. Айта кетерлігі, мемлекеттік инвестицияның әрбір 1 теңгесіне 3,8 теңге жеке инвестиция тартылады", - дейді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, былтыр 15 қарашада "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасының президенті Жарлығының жобасы әзірленген еді. Жарлық жобасы 29 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Ал кеше, 9 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойып, Жетіген ауылы Алатау қаласы болып құрылды.

Таяуда құрылған қалалар мен облыстар

2020 жылдың қаңтарында Қостанай облысында жаңа Тобыл қаласы пайда болды.

2022 жылдың мамыр айында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.

2021 жылдың жазында Ақмола облысындағы Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қалаға айналды.

Кейін Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болды - Абай, Жетісу және Ұлытау. Сондай-ақ Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілді.

Сонымен қатар президент ШҚО-да екі жаңа аудан құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2054742-alatau-qalasy-qalai-damidy-ulttyq-ekonomika-ministrligi-zosparyn-zariyalady/