jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық компания Еуроодақтың Ресейге салған санкциясына ілінді

    Санкция
    Санкция. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

    Еуроодақ Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің екі жыл өтуіне байланысты Ресейге қарсы шектеу шараларының 13-пакетін қабылдады. Санкцияға ілінгендер тізімінде бір қазақстандық компания – "Elem group" ЖШС бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еуроодақ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Тізімге электронды компонеттерді сату арқылы Украинаға қарсы агрессиялық соғыста ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешенді жанама түрде қолдайтын Ресейден бөлек үшінші елдердегі нақты бір ұйымдар, сондай-ақ Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне электронды компоненттерді әзірлеумен, өндірумен және жеткізумен айналысатын кейбір ресейлік кәсіпорындар енгізілген", - делінген хабарламда.

    Тізімде ресейлік компаниялардан бөлек, Өзбекстан, Үндістан, Гонконг, Қытай, Қазақстан, Таиланд және БАӘ-де орналасқан компаниялар да бар.

    Айта кетейік, санкцияға ілінген қазақстандық "Elem group" ЖШС бұған дейін АҚШ Сауда министрлігі шектеу енгізген компаниялар қатарына енген еді. Шектеу шаралары былтырғы желтоқсанда енгізілген болатын.

    Еске сала кетсек, 23 ақпанда Еуроодақ кеңесі Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттері үшін жауапты тағы 106 жеке және 88 заңды тұлғаға қатысты шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.