jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Мәжіліс заңды мақұлдады: енді мопед жүргізушілері көлік жүргізушісі ретінде қарастырылады

    Мопед айдап жүрген жігіттер
    Мопед айдап жүрген жігіттер. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Бүгін мәжілісте мопед жүргізушілеріне көлігін тіркеп, А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуды міндеттейтін заң жобасы мақұлданып, сенатқа жолданды. Заң күшінен енгеннен кейін мопед механикалық көлік құралына жатқызылып, тіркеуге алынады. Ал жүргізушілері мемлекеттік баж салығын төлейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мәжілісте заң жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева заңға қол қойылғаннан кейін мопед жүргізушілері де жауапкершілікке тартылатынын айтты.

    Оның сөзінше, жүргізуші куәлігінен айырылып қалған жүргізушілер мопедті тізгіндей беретін еді. Енді олар бұлай жасай алмайды.

    "Заң күшіне енгеннен кейін мопед жүргізушілері бұрынғыдай жаяу жүргінші ретінде емес, көлік жүргізушісі ретінде қарастырылатын болады. Ішімдік ішкен жағдайда рөлге отыруға болмайды. Кейбір азаматтар ішімдік ішсе, мопедтің тізгініне отырады. Бұл дұрыс емес, өйткені ол да жол қозғалысына қатысып отыр. Ол да масаймаған күйде ғана жол қозғалысына қатыса алуы керек. Осылай болғаны бәрі үшін әділетті болады деп ойлаймын",- деді ол.

    Сондай-ақ журналистер мопед тізгіндегендер төлейтін салық қайда жұмсалатынын сұрады. Депутаттың айтуынша, бұл аса ірі көлемдегі қаржы емес.

    Мәжіліс заңды мақұлдады: енді мопед жүргізушілері көлік жүргізушісі ретінде қарастырылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.