Сенат "Масс-медиа туралы" заңды мақұлдады
Жарияланған күні:
Сенаты "Масс-медиа туралы" негізгі заңды мақұлдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова "Масс-медиа туралы" заңға қандай жаңашылдықтар енгізілгенін айтты.
"Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды. Бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді. БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды", - деді ол.
Айгүл Қапбарова берген ақпаратқа сәйкес, БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді.
"БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді. Мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55пайыз, 2027 жылдан бастап 60 пайыз); Алтыншы, отандық теле-, радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле, радиоарналардағы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55 пайыз, 2027 жылдан бастап 60 пайыз) көзделді", - деді Айгүл Қапбарова.
Сондай-ақ оның сөзінше, отандық теле-, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20 пайыздан 10 пайызға дейін азайту белгіленді.
Журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді. Сондай-ақ ол қолданыстағы ұлттық заңнамада кездесетін "бұқаралық ақпарат құралдары" сөзі "масс-медиа" сөзімен ауыстырылатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2113137-senat-mass-media-turaly-zangdy-maquldady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.