Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаев, Іле және Талғар аудандарының бір бөлігі еліміздегі жаңа қаланың құрамына кіруі мүмкін

Опубликовано:

Алатау. Growing district. Қала нобайы
Алатау. Growing district. Қала нобайы: Алматы облысының әкімдігі

Алатау қаласының құрамына қандай жерлер қосылуы мүмкін екені белгілі болды. Алматы облысының әкімдігі мен мәслихаты қаулы жобасын дайындады. Қаулы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы" нормативтік құқықтық актінің жобасы 9 шілдеде жарияланған. Қоғамдық талқылау 23 шілдеге дейін жалғасады.

"Алатау қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88267,0086 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленсін. ", - делінген қаулы жобасында.

Айта кетейік, былтыр 15 қарашада "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасының президенті Жарлығының жобасы әзірленген еді. Жарлық жобасы 29 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Ал 9 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойып, Жетіген ауылы Алатау қаласы болып құрылды.

Кейін Ұлттық экономика министрлігі қалаға айналған Алатау қалай дамитынын және өңірдің экономикалық даму жоспарларын айтып берді.

10 мамырда Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды.

27 мамырда Ренат Кенеев Алатау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2131452-qonaev-ile-zhane-talgar-audandarynyng-bir-boligi-elimizdegi-zhanga-qalanyng-quramyna-kirui-mumkin/