jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Референдум кезінде заңбұзушылық болған жоқ": халықаралық бақылаушы пікір білдірді

    Леонид Анфимов
    Леонид Анфимов. Фото: NUR.KZ / Бақытжан Отарбаева

    ТМД байқаушылар миссиясынан келген халықаралық байқаушы Леонид Анфимов референдумдағы құқықбұзушылықтар туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Халықаралық байқаушы референдум заңға сәйкес өтті деп баға берді.

    "Бірнеше бюллетенді дауыс беру жәшігіне салған жағдай болған жоқ. Егер мұндай фактілер болса осы елдің бақылаушылары халықаралық бақылаушыларға айтатын еді. Бізде мұндай факт тіркелген жоқ. Бірде-бір халықаралық бақылаушы мұндай жағдайға куә болғанын айтқан жоқ”,- деді ол.

    Ол сондай-ақ қандай заңбұзушылықтар болғанын айтты.

    "Насихат жұмысын жүргізу, сауалнама жүргізу кезінде заңбұзушылықтар болды. Басқа заңбұзушылықты анықтаған жоқпыз. Бұл көз жұма қарадық деген сөз емес, заңбұзушылық расымен болмады. Біз бейтарап бақылаушымыз",- деді ол.

    Айта кетейік, песпубликалық референдумның алдын ала қортындысы жарияланды. Ресми дерек бойынша, 5 561 937 адам немесе дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берген.

    "Референдум кезінде заңбұзушылық болған жоқ": халықаралық бақылаушы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.