Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Ақордада" Гвинея-Бисау президентін сән-салтанатпен қарсы алды (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало. Фото: Ақорда

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбаломен кездесу өткізген болатын. Сондай-ақ Тоқаев әріптесін Қазақстанға шақырған еді.

Ал кеше, 17 желтоқсанда Астанаға Гвинея-Бисау президенті ресми сапармен келетіні хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2201664-toqaev-aqordada-gvineia-bisau-prezidentin-san-saltanatpen-qarsy-aldy/