Зектілері

Жаңа Орлеандағы қайғылы оқиға: Тоқаев Байденге көңіл айтты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джозеф Байден
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джозеф Байден. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Сонымен қатар президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Американың Жаңа Орлеан қаласында көлік жүргізушісінің көпшілік жүрген жерде адамдарды қағып, оқ жаудырғаны, соның салдарынан қаза тауып, ондаған адам жарақат алғаны хабарланған болатын. Бұл оқиғаға қатысты қала билігі түсініктеме берді.

Сондай-ақ бүгін 2 қаңтарда Лас-Вегаста Дональд Трампқа тиесілі қонақүйдің кіреберісінде жанар-жағармай мен отшашу құралдары тиелген Tesla Cybertruck көлігінің жарылғаны хабарланды. Жүргізуші де қаза тапты.

АҚШ билігі Жаңа Орлеандағы ер адам көпшіліктің арасына қасақана басып кіріп, теракт жасалуы мен Лас-Вегаста Cybertruck электропикапының жарылуы арасында байланыс бар-жоғын тексеріп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2207579-toqaev-baidenge-kongil-aitu-zhedelhatyn-zholdady/