Зектілері

Былтыр су тасқынына байланысты өтпей қалған халықаралық форум биыл Астанада өтеді

Жарияланған күні:

2023 жылы өткен Астана халықаралық форумы
2023 жылы өткен Астана халықаралық форумы. Фото: t.me/astanaintlforum

Биыл елордада Астана халықаралық форумы өтеді. Былтыр іс-шара еліміздегі су тасқынына байланысты өтпей қалған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімі жарияланған тиісті құжат "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде пайда болды.

Үкімет басшысы 2025 жылғы 29 қаңтарда қол қойған өкімде Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілген.

Оған төмендегі тұлғалар кірген:

  • Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі, төраға;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
  • Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша), хатшы;
  • Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары;
  • Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының энергетика бірінші вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының су ресурстары және ирригация вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
  • Астана қаласы әкімінің орынбасары;
  • Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
  • QazExpoCongress ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
  • "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
  • Kazakh Invest ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
  • "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамының басқарма мүшесі (келісу бойынша);
  • "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша);
  • "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

Естеріңізге сала кетсек, Астана халықаралық форумы 2024 жылғы 13-14 маусымда өтуі керек еді.

Алайда еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл іс-шараны өткізбеу туралы шешім қабылдады.

"Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады", - деп хабардар еткен еді Ақорда баспасөз қызметі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2217467-byltyr-su-tasqynyna-bailanysty-otpei-qalgan-halyqaralyq-forum-biyl-astanada-otedi/