Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысының жарлығымен Юрий Ильин Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын", - делінген құжат мәтінінде.
Ильин бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болған. Ол төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер мәселесімен айналысты.
Ильин Юрий Викторович 1968 жылғы 9 сәуірде РКФСР Куйбышев қаласында туған.
Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі – шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясы – заңгер.
«Құрмет» орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған.
- 1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты;
- 1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
- 1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
- 1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы;
- 1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары;
- 1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері;
- 1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы;
- 1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары;
- 2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
- 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы;
- 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы;
- 2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
- 2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
- 2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін құруды ұсынған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/1873789-urij-ilin-ttense-zagdajlar-ministri-bolyp-tagajyndaldy/